Жетінші шақырылған Риддер қалалық мәслихатының кезектен тыс XXIV сессиясын шақыру туралы

Жетінші шақырылған Риддер қалалық мәслихатының  кезектен тыс XXIV сессиясын  шақыру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес ШЕШТІ:

Жетінші шақырылған Риддер қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы 2023 жылғы 16 қантарда сағат 16-00-де әкім аппаратының мәжіліс залына шақырылсын.

Сессияның қарауына келесі мәселені енгізу:

  1. «Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бекіту туралы» Риддер қалалық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы №29/2-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. «Отыз учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бекіту туралы» Риддер қалалық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы №29/3-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Он екі округтік сайлау комиссияларының құрамын бекіту туралы.
  4. Риддер қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы.