Жария тыңдауды ұйымдастырушы: сегізінші сайланған Риддер қалалық мәслихатының депутаттық өкілеттіктері, заңдылық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы.
Баяндамашылар: ономастика мәселелері жөніндегі жұмыс тобының хатшысы, «Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорттың ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы Э. М. Есімбаева және ономастика мәселелері жөніндегі жұмыс тобы төрағасының орынбасары, «Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорттың ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Н. П. Мироненко.
Қоғамдық тыңдауға қатысушылар: қалалық мәслихаттың төрағасы Е. С. Нужных, депутаттық өкілеттіктер, заңдылық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Г. М. Гильдерман, Риддер қаласы әкімінің орынбасары А. Б. Агажаева, қалалық мәслихат депутаттары: Е. Қ. Қанапиянов, П. С. Попов, Е. А. Донцова, Г. С. Кітаппаева, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың, құрметті азаматтар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Риддер қаласының ақсақалдар кеңесі» ҚБ өкілі С. Ч. Марденов, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша Риддер қалалық филиалы» ҚБ өкілі Н.Е. Асаинов, «Риддер тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК маманы Е. В. Путинцева, «Риддер қаласының тілдерді дамыту орталығы» КММ директоры К. К. Садықова, «Рудный Алтай жазушылары» әдеби бірлестігі төрағасының орынбасары В. П. Троеглазов, «Риддер қаласының сарбаздар аналарының ұйымы» ҚБ төрағасы Л. А. Вильт, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы А. К. Эсенова, сондай-ақ Риддер қаласының тұрғындары (барлығы 150-ге жуық адам).
Жария тыңдаулар өткізу туралы ресми жарияланым орналастырылды: 2023 жылдың 3 мамырындағы № 3(707) «Менің қалам Риддер» апталық қалалық газеті; Риддер қалалық мәслихатының ресми интернет – ресурсы.
Жария тыңдаулар тағайындалды және өткізілді: 2023 жылдың 6 маусымында сағат 15.00-де, «Мәдениет сарайы» КМҚК-ның акт залында (Тәуелсіздік даңғылы, 14) «Әкімшілік-аумақтық бірліктерді, елді мекендердің құрамдас бөліктерін атау, қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін есепке алу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 2-тарауының 5; 6-тармақтарына сәйкес өткізілді.