Жетінші шақырылған Риддер қалалық
мәслихатының тұрақты комиссиясының
2021 жылғы «22» қаңтардағы
№ 1 қаулысымен бекітілген
Жетінші шақырылған Риддер қалалық мәслихатының
ЭКОЛОГИЯ, АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ
КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІК
(экология және қоршаған ортаны қорғау, көлік, байланыс, жол шаруашылығы, абаттандыру, коммуналдық меншік, құрылыс және қала құрылысы) ЖӨНІНДЕГІ
тұрақты комиссиясының ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Экология, абаттандыру және коммуналдық меншік жөніндегі тұрақты комиссия (экология және қоршаған ортаны қорғау, көлік, байланыс, жол шаруашылығы, абаттандыру, коммуналдық меншік, құрылыс және қала құрылысы мәселелері) (бұдан әрі - тұрақты комиссия) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Риддер қалалық мәслихатының Регламентін, өкілді билік органдарының қызметін реттейтін мәслихат сессияларының шешімдерін және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерін басшылыққа алады.