Тұрақты комиссияның жұмысы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, қалалық мәслихаттың мәслихат сессияларының жылдық жұмыс жоспарымен және тұрақты комиссияның ережесімен бекітілген регламентіне сәйкес құрылады.
2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы қыркүйекке дейінгі кезеңде тұрақты комиссия менің төрағалығыммен 9 отырыс өткізді. Жұмыс 2021-2022 жылдарға бекітілген тұрақты комиссияның жұмыс жоспарларына сәйкес, сондай-ақ есепті кезең ішінде қала тұрғындарының келіп түскен өтініштерін (өтінімдерін, шағымдарын) ескере отырып жүргізілді. Комиссия отырыстарының хаттамалары құжаттау қағидаларына сәйкес жүргізілді.