Депутаттық өкілеттіктер, заңдылық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының 2022 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша есебі

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 12-баптарына сәйкес. Комиссия мәслихаттың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Жетінші шақырылған Риддер қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жұмыс істейді.

Депутаттық өкілеттіктер, заңдылық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның мәселелер шеңбері - депутаттар мен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, құқықтық тәртіп, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл, денсаулық сақтау, білім беру және тілдерді дамыту, мәдениет, жастар және спорт мәселелері. Тұрақты комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Риддер қалалық мәслихатының регламентін, мәслихат сессияларының шешімдерін және биліктің өкілді органдарының қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерін басшылыққа алады.

Депутаттық өкілеттіктер, заңдылық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының 2022 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша есебі
Дата публикации
30 сентября 2022