2022 жылғы бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы есебі

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес мәслихат жылына бір рет тыңдайтын бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы есепті назарларыңызға ұсынуға рұқсат етіңіздер.

Өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, мәслихат регламентін және жұмыс жоспарын басшылыққа ала отырып, тұрақты комиссия есепті кезеңде 7 отырыс, оның ішінде қалалық мәслихат сессиясына енгізілген бюджет бойынша шешімдердің жобаларын қарау бойынша 5 отырыс өткізді. Осы отырыстарда бюджетке өзгерістер, нақтылаулар кіргізу мәселелері енгізілді, сондай-ақ 2021 жылға арналған бюджетті атқару мәселесі бойынша отырыстар өткізілді.

2022 жылғы бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы есебі
Дата публикации
30 сентября 2022