Риддер қ. мәслихат аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижесі туралы
аналитикалық анықтама
Риддер қ. 30.12.2022 ж.
«Риддер қ. мәслихат аппараты» ММ (бұдан әрі – Аппарат) 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» ҚР Заңының(бұдан әрі - Заң) 8-бабы 5-тармағына сәйкес, 2022 жылғы желтоқсанның 29 мен 30 аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы жүргізілді.
Ішкі талдау Аппараттың 2022 жылғы жұмыс мерзімін қамтыды.
Аппарат басшысы – Александра Михайловна Козина.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы келесі бағыт бойынша жүргізілді:
1) аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау (Заңның 8-т. 2-тармақшасы)