«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын орындау үшін 5-баптың 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Риддер қаласының Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Риддер қаласының Қоғамдық кеңесінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін (қоса беріліп отыр).
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Риддер қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасына (В.Русин), «бюджет, экономикалық реформалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, өңірлік даму мәселелері жөніндегі» (О. Беляев), «әлеуметтік-мәдени даму және қоғамдық қатынастар мәселелері жөніндегі» (С. Ямщиков) Қоғамдық кеңестің тұрақты комиссияларына жүктелсін.