"Риддер қаласының Қоғамдық кеңесі төрағасының есебі туралы" Риддер қаласы Қоғамдық кеңесінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 25/2 шешімі

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5, 23-баптарына сәйкес, Риддер қаласының Қоғамдық кеңесі төрағасының «Риддер қаласының Қоғамдық кеңесінің 2022 жылғы кезеңдегі атқарған жұмысы туралы» есебін талқылай отырып, Риддер қаласының Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Риддер қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы В.Ф. Русиннің «Риддер қаласы Қоғамдық кеңесінің 2022 жылғы кезеңдегі атқарған жұмысы туралы» есебі назарға алынсын.
  2. Риддер қаласының Қоғамдық кеңесі төрағасының жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
  3. Қоғамдық кеңестің төрағасына, үшінші шақырылымдағы Риддер қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелеріне қаланың тыныс-тіршілігі мәселелерін шешуге белсенді қатысуға, қала тұрғындарын Қоғамдық кеңестің қызметі туралы кеңінен хабардар етуге, қала тұрғындарын неғұрлым белсенді болуға шақыруға, оларды қалалық мәлелелерді шешу жөніндегі қоғамдық кеңестермен бірлесіп қатысуға тартуға ұсынылсын.
"Риддер қаласының Қоғамдық кеңесі төрағасының есебі туралы" Риддер қаласы Қоғамдық кеңесінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 25/2 шешімі
Дата публикации
29 декабря 2022