«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5, 23-баптарына сәйкес, Риддер қалалық мәслихатының хатшысы Е. С. Нужныхтың «Жетінші шақырылған Риддер қалалық мәслихатының 2022 жылғы кезеңдегі атқарған жұмысы туралы» есебін талқылай отырып, Риддер қаласының Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Риддер қалалық мәслихатының хатшысы Е. С. Нужныхтың «Жетінші шақырылған Риддер қалалық мәслихатының 2022 жылғы кезеңдегі атқарған жұмысы туралы» есебі назарға алынсын.
- Риддер қалалық мәслихаты хатшысының жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
- Қалалық мәслихат хатшысына, Жетінші шақырылған мәслихат депутаттарына қоғамдық кеңеспен, қала халқымен тығыз байланысты нығайтуға, халықтың тыныс-тіршілігін жақсарту үшін қаланың әлеуметтік маңызы бар объектілерін іске асыру жөніндегі мәселелер мен мәлелелерді жедел және тиімді шешуге ұсынылсын.