«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17, 19-баптарына сәйкес қалалық мәслихат хатшысының 2021 жылғы 11 мамырдағы № 29-ж/қ өкіміне сәйкес «ШҚО Риддер қаласының қолданыстағы сумен жабдықтау және су бұру желілерін реконструкциялау» жобасын (бұдан әрі - жоба) іске асыру туралы мәселені қарау жөніндегі уақытша комиссия құрылды (бұдан әрі уақытша комиссия).
Уақытша комиссияны құру үшін негіз - жобаны іске асыру бойынша азаматтардың көптеген шағымдары мен сұрақтары (жұмыстардың сапасы мен көлемі туралы, заңнаманың сақталуы туралы және т.б.).
Уақытша комиссияның мақсаты - тиісті шешім шығара отырып, кезекті сессияның отырысында қарау үшін мәселені дайындау, сондай-ақ азаматтарға түсіндіру үшін ақпарат дайындау арқылы мәслихаттың жергілікті өкілді орган ретіндегі құзыретін іске асыру арқылы халықтың ерік-жігерін білдіру.