«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 9-тармағының 1) тармақшасына, 15-бабының 1-тармағына сәйкес, Қоғамдық кеңес мүшесі С. Ю. Чупинаның оны отбасылық жағдайына байланысты Қоғамдық кеңес құрамынан шығару туралы келіп түскен өтініші негізінде Риддер қаласының Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Риддер қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамынан Светлана Юрьевна Чупина мерзімінен бұрын шығарылсын.
Қоғамдық кеңес мүшесі С. Ю. Чупинаның өкілеттігі 2022 жылдың 22 желтоқсанынан бастап тоқтатылды деп саналсын.
2. Аталмыш мәселе Риддер қалалық мәслихатының сессиясының қарауына енгізілсін.