Жетінші шақырылған Риддер қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырмасыншы сессиясын өткізу қорытындысы

Кезектен тыс 20-ші сессияның отырысына 12 депутаттың 8-ы қатысты, бұл 66,7% - ды құрады.

Сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер енгізіліп, қаралды:

  1. "Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бекіту туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы №29/2-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. "Отыз учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бекіту туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы №29/3-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы № 31/2-V "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. 4. Риддер қалалық мәслихатының 2022 жылғы 04 ақпандағы №10/2-VII "Риддер қаласы бойынша жеке оқу жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Риддер қалалық мәслихатының 2022 жылғы 19 мамырдағы №15/2-VII "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Дауыс беру нәтижесі: «қолдағандар» - 8 депутат немесе 100 %.

Жетінші шақырылған Риддер қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырмасыншы сессиясын өткізу қорытындысы
Дата публикации
06 октября 2022