Жетінші шақырылған Риддер қалалық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясының өткізу қорытындысы

30 қыркүйек 2022 жыл

Кезекті 19-ші сессияның отырысына 12 депутаттың 10-ы қатысты, бұл 83,3% - ды құрады.
Сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер енгізіліп, қаралды:
1. Риддер қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есебі.
2. 2022-2023 жж жылыту маусымына тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді, жылумен жабдықтаушы ұйымдарды, тұрғын үй қорын және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды даярлау қорытындылары туралы.
3. Экология, абаттандыру және коммуналдық меншік жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының есебі.
4. Депутаттық өкілеттіктер, заңдылық және әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының есебі.
5. VII шақырылған мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының есебі.
6. «Риддер қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы.
7. Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №46/8-VI «Риддер қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
8. «Риддер қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 20/2-VI шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
9. Риддер қалалық мәслихатының 2022 жылғы 25 ақпандағы №11/2-VII «Риддер қаласының қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
10. Риддер қаласының басқару схемасы туралы.
11. Риддер қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
12. Риддер қаласының террорға қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
13. Қалалық мәслихаттың 2022 жылғы 07 сәуірдегі №13/2-VII «Жер комиссиясының дербес құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
14. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
15. Марапаттар бойынша қалалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
16. Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі қалалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
17. Қалалық арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
18. Қалалық учаскелік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
19. Қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі қалалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
20. Риддер қаласының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы.
Барлық сұрақтар бойынша дауыс беру нәтижесі келесі – «қолдағандар» 10 депутат немесе 100%.

 

Қалалық мәслихат хатшысы                                                  Е.Нужных

Жетінші шақырылған Риддер қалалық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясының өткізу қорытындысы
Дата публикации
30 сентября 2022