Кезекті он төртінші сессиясының өткізу қорытындысы

Кезекті 14-ші сессияның отырысына 12 депутаттың 10-ы қатысты, бұл 83,3% - ды құрады.
Сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер енгізіліп, қаралды:
1.2021 жылға Риддер қаласы бюджетінің орындалуы туралы есеп.
2021 жылға Риддер қаласы бюджетінің орындалуына бақылау жасау нәтижелері туралы есеп.
2. «ШҚО Риддер қаласының сумен жабдықтау және су бұру желілерін реконструкциялау» жобасын іске асыру бойынша орындалған жұмыстар туралы.
3. «Мәслихаттың 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту» Риддер қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №9/4-VII шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы.
4. Жайылымдарды рационалды пайдалану, жемге деген қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың құлдырау процессінің алдын-алу туралы.
5. Мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру бөлігінде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы.
6. «Риддер қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 46/8-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
7. Риддер қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
8. «Жер комиссиясының дербес құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» Риддер қалалық мәслихатының 2022 жылғы 07 сәуірдегі №13/2-VII шешіміне өзгеріс енгізу турлы.
9. Риддер қаласы әкімінің жанындағы үкіметтік емес бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі қалалық Кеңестің дербес құрамын бекіту туралы.
10. Риддер қаласы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі қалалық Кеңестің дербес құрамын бекіту туралы.
11. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
12. Риддер қаласын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамы туралы.
13. Риддер қаласының аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
14. Риддер қаласының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы.
Барлық сұрақтар бойынша дауыс беру нәтижесі келесі – «қолдағандар» 10 депутат немесе 100%.

Кезекті он төртінші сессиясының өткізу қорытындысы
Дата публикации
20 апреля 2022