КЕЗЕКТІ ТОҒЫЗЫНШЫ СЕССИЯСЫНЫҢ ӨТКІЗУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН РИДДЕР ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ТОҒЫЗЫНШЫ СЕССИЯСЫНЫҢ ӨТКІЗУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

24 желтоқсан 2021 жыл

Кезекті 9-шы сессияның отырысына 11 депутаттың 8-і қатысты, бұл 72% - ды құрады.

Сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер енгізіліп, қаралды:

1. Риддер қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы.
2.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге мониторинг жүргізу қорытындылары туралы.
3. Мәслихаттың 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.
4. Риддер қ. жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 351-бабының талаптарын жүзеге асыру бойынша қолданылатын шаралары туралы.
5. Мәслихаттың 2021 жылғы 22 қаңтардағы №2/2-VII «2021-2025 жылға ШҚО Риддер қаласының аумағын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылуы туралы.
6. Риддер қаласының терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
8.Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
9.Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі қалалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
10. Риддер қаласының аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Дауыс беру нәтижесі:– «қолдағандар»- 8 депутат немесе 100%, «Риддер қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» сұрағы бойынша - «қолдағандар»- 7 депутат немесе 87,5%. 1 депутат дауыс беруден бас тартты, яғни 12,5%.

Қалалық мәслихат хатшысы                                                         Е. Нужных

орынд. А.М. Козина

Тел. 78-188

КЕЗЕКТІ ТОҒЫЗЫНШЫ СЕССИЯСЫНЫҢ ӨТКІЗУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Дата публикации
24 декабря 2021