Кезектен тыс 5-ші сессияның отырысына 12 депутаттың 8-і қатысты, бұл 66,7% - ды құрады.
Сессия төрағасы-И.А. Елфимов.
Сессияның күн тәртібіне мәселелер енгізіліп, қаралды:
1. Депутат А.Е. Мақаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
2. Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 50/3-VI «Риддер қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Кезекті сессия төрағасы туралы.
Дауыс беру нәтижелері: «Депутат А.Е. Мақаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» – «қолдағандар» - 7 депутат немесе 87,5%, «қалыс қалғандар» - 1 депутат немесе 12,5%, «Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 50/3-VI «Риддер қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»– «қолдағандар» - 7 депутат немесе 100% , «Кезекті сессия төрағасы туралы» - 6 депутат немесе 85,7%,«қалыс қалғандар» - 1 депутат немесе 14,3%.