Кезекті төртінші сессиясының өткізу қорытындысы

Кезекті 4-ші сессияның отырысына 12 депутаттың 9-ы қатысты, бұл 75% - ды құрады.
Сессия төрағасы–Ю.В. Титарева.
Сессияның күн тәртібіне мәселелер енгізіліп, қаралды:
1. 2020 жылға Риддер қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есеп.
2020 жылға арналған Риддер қаласы бюджетінің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы есеп
2. Қала аумағын дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы ББӘ ақпараты.
3. 2020 жылы «ШҚО Риддер қаласының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру туралы.
4. 2021 жылы абаттандыру, көгалдандыру, жолдарды жөндеу бойынша жоспарланған іс-шаралар туралы.
5. Риддер өңірінде туризмді дамыту туралы.
6. Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту туралы.
7. Білім беру мекемелерінің білім сапасын арттыруға және материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға бағытталған жоспарланған іс-шаралар туралы.
8. В.А. Климовқа «Риддер қаласының Құрметті азаматы атағын беру туралы».
9. Б.К. Кузембаевқа «Риддер қаласының Құрметті азаматы атағын беру туралы».
10. Риддер қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 ақпандағы №30/7-VI «Риддер қаласының қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
11. Риддер қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
12. Қалалық мәслихаттың «Жер комиссиясының дербес құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
13. Риддер қаласының аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
14. Кезекті сессияның төрағасы туралы.

В.А. Климовқа «Риддер қаласының Құрметті азаматы атағын беру туралы» – «қолдағандар»- 6 депутат немесе 66,7%, «қарсы» - 3 депутат немесе 33,3%, Б.К. Кузембаевқа «Риддер қаласының Құрметті азаматы атағын беру туралы»– «қолдағандар» - 5 депутат немесе 55,5% , «қарсы» - 2 депутат немесе 22,2%,«қалыс қалғандар» - 2 депутат немесе 22,2% сұрақтарынан басқа барлық мәселелер бойынша дауыс беру нәтижелері 100% - ды құрады.

Кезекті төртінші сессиясының өткізу қорытындысы
Дата публикации
20 апреля 2021