Кезекті 3-ші сессияның отырысына 12 депутаттың 11-і қатысты, бұл 91,7% - ды құрады.
Сессия төрағасы–А.В. Афанасьев.
Сессияның күн тәртібіне мәселелер енгізіліп, қаралды:
1. Риддер қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы.
2. Жетінші шақырылған Риддер қалалық мәслихатының құрылымы туралы.
3. «Риддер қаласы мәслихатының аппараты» ММ штаттары туралы.
4. «2021 - 2023 жылдарға арналған Риддер қаласының бюджеті туралы» Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 50/3-VI шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
5. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.
6. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы № 31/2-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
7. Риддер қаласында короновирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша іс-шаралар туралы.
8. Риддер қаласының мемлекеттік мекемелеріндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің жай-күйі, насихатталуы және қолданылуы туралы.
9. «ШҚО Риддер қаласының сумен жабдықтау және су бұру желілерін реконструкциялау»жобасын іске асыру бойынша орындалған және аяқталу сатысында тұрған жұмыстар туралы.
10. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларын қысқарту бойынша қабылданатын шаралар туралы (мәселе алынып тасталды).
11. Риддер қаласының аумағын қала құрылысын игеру туралы.
12. Қаланың ұйымдары мен мекемелерінде мемлекеттік тілді дамыту және енгізу жөніндегі жай-күй және шаралар туралы.
13. Риддер қаласының жергілікті өзін-өзі басқарудың Аумақтық кеңесінің құрамын бекіту туралы.
14. Риддер қаласының жергілікті өзін-өзі басқарудың Аумақтық кеңесі туралы ережесін бекіту туралы.
15. Риддер қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
16. Риддер қаласының терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
17. Қалалық тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
18. Жер комиссиясының дербес құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы.
19. Риддер қаласы әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы.
20. Наградалар жөніндегі қалалық комиссияның дербес құрамы туралы.
21. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
22. Риддер қаласы әкімінің жанындағы үкіметтік емес бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі қалалық Кеңестің дербес құрамын бекіту туралы.
23. Риддер қаласы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі қалалық Кеңестің дербес құрамын бекіту туралы.
24. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
25. Қалалық арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
26. Қалалық учаскелік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
27. Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі қалалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
28. Риддер қаласын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамы туралы.
29. Риддер қаласының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы.
30. Кезекті сессияның төрағасы туралы.
Барлық мәселелер бойынша дауыс беру нәтижелері 100% - ды құрады, «Құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларын қысқарту бойынша қабылданатын шаралар туралы» мәселесі сессия күн тәртібінен алынып тасталды.