GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Комиссия туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
25 сентября 2026
2026 жылдың 25 қыркүйегінде Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясында Аудит объектілерінің қатысуымен нұсқамаларды орындау мақсатында сотқа талап арыз беру тәжірбиесін талқылау үшін аудит объектілерінің өкілдерімен кездесу өткізілді

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясында ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Аудит объектілерінің қатысуымен нұсқамаларды орындау мақсатында сотқа талап арыз беру тәжірбиесін талқылау үшін аудит объектілерінің өкілдерімен кездесу өткізілді.

        Аталған кездесуге Тараз қаласы әкімдігінің бөлімдерінің басшылары, орынбасарлары мен жауапты мамандары және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен есепшілері қатысты.

        Кездесу барысында Тексеру комиссиясының Заң бөлімінің басшысы А.Юсупов Нұсқаманы орындау мақсатында сотқа талап қою тетіктері, сот органдарымен талап арызды қараусыз кері қайтару негіздері, нұсқаманы орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы, нұсқаманы орындауды міндеттеу мақстанда сотқа талап қою тәжірібиесі жөнінде баяндады.

        Сондай-ақ, мемлекеттік аудит объектілері өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, алдағы уақытта нұсқаманы орындау мақсатында сотқа талап арыз жолдау барысында заңнама талаптарын сақтау, нұсқаманың орындалуына  қадағалауды күшейту ұсынылды.

 

Мемлекеттік аудит
24 сентября 2026
2026 жылдың 24 қыркүйегінде Жамбыл облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2026 жылғы І жартыжылдығында өткізілген аудит объектілерінің өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді

        Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясында ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде 2026 жылдың І жартыжылдығында жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша анықталған жүйелі кемшіліктер мен бұзушылықтарды талқылау үшін аудит объектілерінің өкілдерімен кездесу өткізілді.

        Аталған кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының және Тараз қаласы әкімдігінің бөлімдерінің басшылары, орынбасарлары мен жауапты мамандары қатысты.

        Кездесу барысында Тексеру комиссиясының Сапаны бақылау бөлімінің басшысы Н. Ахметов Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілеріне жолданған нұсқамалардың орындалу барысы туралы баяндады.

        Сондай-ақ, мемлекеттік аудит объектілері өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, алдағы уақытта кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою үшін жолданған нұсқамаларды мерзімінде әрі сапалы түрде орындау үшін тиісті жұмыстар жүргізіп, ол бойынша ақпараттардың Тексеру комиссиясына нұсқамаларда белгіленген мерзімдерде жолдауды қадағалауды күшейту ұсынылды.

23 сентября 2026
2026 жылдың 23 қыркүйегінде Жамбыл облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2026 жылғы І жартыжылдығында өткізілген аудит объектілерінің өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясында ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде 2026 жылдың І жартыжылдығында жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша анықталған жүйелі кемшіліктер мен бұзушылықтарды талқылау үшін аудит объектілерінің өкілдерімен кездесу өткізілді.

        Аталған кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының және Тараз қаласы әкімдігінің бөлімдерінің басшылары, орынбасарлары мен жауапты мамандары қатысты.

        Кездесу барысында Тексеру комиссиясының жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы Б.Қасымбек Тексеру комиссиясының 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмысының негізгі қорытындылары және анықталған жүйелі кемшіліктер мен бұзушылықтар жөнінде баяндады.

        Сондай-ақ, мемлекеттік аудит объектілері өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, алдағы уақытта кемшіліктер мен бұзушылықтарды болдырмау үшін тиісті жұмыстар жүргізіп, қадағалауды күшейту ұсынылды.

Мемлекеттік аудит
22 сентября 2026
2026 жылдың 17 қыркүйегінде Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит объектілерінің 2026 жылға арналған тізбесіне сәйкес Сарысу ауданында мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Мемлекеттік аудитпен 12 мемлекеттік мекеме және 1 кәсіпорыны үстеме тексерумен қамтылды.

Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша аудит объектілері тарапынан Сарысу ауданында мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерде көзделген нормалар мен ережелердің сақталмауына жол берілгені анықталды.   

Әкімшілік іс жүргізуді қозғау және процестік шешім қабылдау үшін 53 материалдар тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге рәсімделіп тиісті органдарға жолданды, оның ішінде:

  1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ-не 36 материал.
  2. Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына 17 материал жолданды.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының тарапынан Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес 3 әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар материалдар рәсімделді.

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде өткен отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті нұсқама мен ұсынымдар жолданады.

Мемлекеттік аудит
20 мая 2026
2026 жылдың 14 мамырында Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді

       2026 жылдың 14 мамырында Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Отырыста бекітілген күн тәртібіне сәйкес облыстық бюджеттің 2025 жылғы орындалуын кейіннен бағалау бойынша өткізілген сараптамалық-талдамалық іс-шарасының қорытындысы қаралды.

       2025 жылы облыстық бюджетке жалпы түсімдердің нақты орындалуы 747 699,9 млн. теңгені немесе 100%-ды құрады. Бюджет түсімдерінің едәуір бөлігі республикалық бюджеттен субвенциялар мен трансферттерден есебінен қалыптастырылған, жалпы көлемінің шамамен 84,7%-ын құрайды. Осылайша, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешудің басты көзі болып қала беруде.

        2025 жылға арналған облыстық бюджеттің шығыстарының нақты орындалуы 747 132,2 млн. теңгені немесе 99,7%-ды құрады. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің тараптарынан жергілікті бюджеттің негізгі параметрлеріне бірнеше мәрте жүргізілген нақтылаулар мен түзетулерге қарамастан, жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша қомақты қаражатты игермеуге жол берілген.

         Жүргізген талдау және бағалау нәтижелері бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану тиімділігін жетілдіруді қажет ететінін көрсетті.

Отырыстың қорытындысында Тексеру комиссиясының тиісті қаулысы қабылданды.

Мемлекеттік аудит
05 марта 2026
2026 жылдың 27 ақпанында Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау бойынша бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану тиімділік аудиті» іс-шарасы шеңберінде тиімділік және сәйкестік аудиті жүргізілді.

Бекітілген аудит бағдарламасына сәйкес мемлекеттік аудитпен Басқарма және басқармаға бағынысты 17 мемлекеттік кәсіпорындар қамтылды. 

Мемлекеттік аудитпен 2 бюджеттік бағдарлама бойынша  29 416,3 млн. теңге қаражат қамтылып, нәтижесінде жалпы сомасы 10 285,8 млн. теңгені құрайтыны бұзушылықтар анықталды немесе аудитпен қамтылған қаражаттың 35% құрады, соның ішінде: қалпына келтіруге жататыны 5 097,4 млн. теңге немесе анықталған бұзушылықтардың 49,5%, өтелуге жататыны 130,7 млн. теңге; тиімсіз жоспарланған және пайдаланылған бюджет қаражаты 5 043,7 млн. теңге немесе 49,0%, бюджетке түсетін түсімдер 3,0 млн. теңге; ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайда – 10,9 млн. теңгені құраса, анықталған рәсімдік бұзушылықтардың жалпы саны 242 және жүйелік кемшіліктер саны 5 бірлікті құрады.

Аудитпен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің негізгі себебі лауазымды тұлғалар тарапынан бақылаудың және жауапты тұлғалардың біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан бюджет қаражатын негізділігі айқындалмай жоспарлау, негізсіз және тиімсіз пайдалану, бухгалтерлік және қаржылық есептілікті реттейтін нормативтік-құқықтық актілерде көзделген нормалар мен ережелердің сақталмауы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу мен құрылыс саласындағы заң талаптарының сақталмауына жол берілген.

Тексеру комиссиясының отырысына дейін бюджетке түсетін түсімдердің түскені 1,4 млн. теңге, өтелгені 23,6 млн. теңге, қалпына келтірілгені 563,8 млн. теңге және 21 қызметкер бұзушылықтарға жол бергені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Бұдан бөлек, әкімшілік іс жүргізуді қозғау және процестік шешім қабылдау үшін 126 материал тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге рәсімделіп уәкілетті органдарға жолданды, оның ішінде:

  • ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 97 материал,
  • мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына 29 материал.

Ағымдағы жылдың 27 ақпанында өткен отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы тарапынан қаулы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар жіберілді.

 

 

Мемлекеттік аудит
30 декабря 2025
2025 жылдың 26 желтоқсанында Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытынды отырыстары өткізілді.

         Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес жүргізілген «Өңірде проблемалық аяқталмаған жобалар және мемлекеттік меншікке берілмеген объектілерге талдау жүргізу», «Халықты жұмыспен қамтуды арттыру бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асырудың тиімділігін талдау және бағалау» және «Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының іске асырылу тиімділігі» сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытынды отырыс өткізілді.

1) «Өңірде проблемалық аяқталмаған жобалар және мемлекеттік меншікке берілмеген объектілерге талдау жүргізу сараптамалық-талдау іс-шарасының» қорытынды отырысы Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғ.И.Исақов, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы Е.К.Орумбаев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Н.А.Исабеков, Шу ауданы әкімінің орынбасары Н.А.Абдрашев, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ө.Жаркенов және тиісті әкімдіктердің бөлім басшыларының қатысуымен өткізілді.

          Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес қазіргі уақытта облыс аумағында 11 аяқталмаған проблемалық жобалар анықталды. Отырыс барысында әрбір аяқталмаған нысан бойынша проблемалық мәселелер және оны шешу жолдары жеке талқыланды. Қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге аяқталмаған жобаларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

2) «Халықты жұмыспен қамтуды арттыру бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асырудың тиімділігін талдау және бағалау сараптамалық-талдау іс-шарасының» қорытынды отырысы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары С.Б.Турегельдиев және Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильдігі орталығының директоры С.А.Алибековтің қатысуымен өткізілді.

        Қорытындысы бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың қолданыстағы жүйесіне өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу; жоғары сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүйелі және үздіксіз жүргізуді қамтамасыз ету, Платформалық жұмыспен қамту саласын басқарудағы жүйелік олқылықты жою мақсатында осы салада нақты жұмыспен қамтылған тұлғалардың сенімді есебін қалыптастыруды қамтамасыз ету, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар арасында, әсіресе ауылдық жерлерде несиелеу жүйесін дамыту тапсырылды.

3) «Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының іске асырылу тиімділігіне сараптамалық-талдау іс-шарасының» қорытынды отырысы Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау  басқармасының басшысы С.Е.Абдралиева, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ә.С.Желеубаев, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы А.М.Сейсебаев, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Е.Т.Мұсабаевтың қатысуымен өткізілді.

         Іс-шара аясында бағдарламалық құжатты әзірлеу, бекіту (қайта бекіту) және мониторинг жүргізу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауына, 2021–2025 жылдарға арналған облыстың даму жоспарын іске асыру барысы туралы ақпарат негізінде жүргізілген мониторинг нәтижелеріне талдау жүргізілді.

          Қорытындысы бойынша Жамбыл облысы бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына Даму жоспарын әзірлеу (түзету) сапасын арттыру, жоспарланған іс-шаралардың іске асырылуын мониторингілеу және негізгі ұлттық және нысаналы индикаторларға қол жеткізу, Даму жоспарын іске асыру жөніндегі есепті қалыптастыру, индикаторлар мен іс-шараларға қол жеткізу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында облыстың Даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізілмеу себептеріне талдау жүргізу; бюджетті жоспарлау кезінде бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелерінің облыстың Даму жоспарында айқындалған нысаналы индикаторлармен өзара байланысын бақылау; көрсеткіштердің орындалу сапасын және Даму жоспары бойынша есептерді дайындауды арттыруға, сондай-ақ облыстың әлеуметтік-экономикалық және нысаналы индикаторларына қол жеткізу жөніндегі жұмысты жетілдіруге бағытталған семинарды қоса атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастыру тапсырылды.

          Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы қаулылар қабылдады және тиісті мекемелерге ұсынымдар жіберілді.

Мемлекеттік аудит
24 декабря 2025
2025 жылдың 11 желтоқсанында Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2024 жылғы Қордай ауданының жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне сыртқы мемлекеттік аудит жүргізілді.  

Аудитолрлық іс-шарамен Қордай ауданы бойынша 32 мемлекеттік мекемелерінің қаржылық есептілігінен жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік қалыптастыру барысында бюджеттік бағдарлама әкімшілері ұсынған қаржылық есептіліктерінің қаржылық есептілігінің анықтығы мен негізділігін, бухгалтерлік есебінің дұрыстығына жүргізілген аудит нәтижелерімен бірқатар кемшіліктер анықталды.

Яғни, Қордай ауданының жергілікті бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін қалыптастыру барысында, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының, қаржылық есептілік және бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының талаптарының сақталмауынан қаржылық есептіліктің бұрмалануы орын алған.                                     Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында өткен отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті нұсқамалар мен ұсынымдар жолдандды.

Мемлекеттік аудит
24 декабря 2025
2025 жылдың 11 желтоқсанында Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит объектілерінің 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкес «Жергілікті атқарушы орган қызметінің Жуалы ауданының дамуына әсер ету тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиті» бойынша мемлекеттік аудит жүргізді.

Мемлекеттік аудитпен 9 мемлекеттік мекеме тексерумен қамтылып, нәтижесінде жалпы сомасы  5 478 436,7 мың теңгені құрайтыны бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:

  • қаржылық бұзушылықтар сомасы 2 468 962,4 мың теңгені құраса, оның ішінде: толығымен бюджетке түсетін түсімдер 13 354,7 мың теңге, өтелуге жататын 59 729,5 мың теңге, қалпына келтіруге жататын 2 395 878,2 мың теңге, тексеру комиссиясының қорытынды отырысына дейін қаржылық бұзушылықтардың ішінен өтелгені 13 028,3 мың теңге, қалпына келтірілгені 1 242 784,5 мың теңге.

2) тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты 448 447,0 мың теңге;

3) тиімсіз пайдаланған бюджет қаражаты 2 560 672,0 мың теңге;

4) ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайда 355,3 мың теңге;

Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша аудит объектілері тарапынан нормативтік-құқықтық актілерде көзделген нормалар мен ережелердің сақталмауына жол берілген.   

Әкімшілік іс жүргізуді қозғау және процестік шешім қабылдау үшін Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне және Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сәйкес 86 материал жолданды.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының тарапынан Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 234-1 бабы бойынша 3 мемлекеттік аудит объектілері бойынша лауазымды адамдарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 3 хаттама толтырылып 589,8 мың теңге айыппұл салынды.

        Қорытынды отырыс нәтижесімен Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті нұсқамалар  мен ұсынымдар жолданды.

 

 

Мемлекеттік аудит
12 ноября 2025
2025 жылдың 6 қарашасында Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді

       Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға бөлінген қаражатты пайдаланудың тиімділігіне «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ-де және оған бағынысты 16 мемлекеттік мекемеде аудит жүргізілді.

        Аудиторлық іс-шара барысында қызметкерлерге негізсіз еңбекақылар, үстемеақылар, сауықтыру жәрдемақылары және іссапар шығындарының төленуі, бюджеттік бағдарламанын нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізбеуі, шарттық міндеттемелерді орындау бөлігінде сонымен бірге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлануы мен пайдалануы, мемлекеттік мүлікті тиімсіз басқару бойынша бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

       Ағымдағы жылдың 06 қарашасында өткен отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті нұсқамалар мен ұсынымдар жолданады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы