GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Комиссия туралы
Все материалы
01 октября 2026
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Тексеру комиссиясының 2026 жылғы 30 қыркүйекте  өткен отырысында Зайсан  ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік активтерді және бюджет қаражатын басқаруына, оның ішінде 4-деңгейдегі бюджетті пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.

Қамтылған жалпы сомасы 3 814 939,3 мың теңге мөлшеріндегі бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының заңнамасын жалпы сомасы 895 458,4 мың теңгенің немесе  23,5 % бұзушылықтары анықталды, оның  ішінде:

  • қаржылық бұзушылықтар сомасы 686 501,6 мың теңге (677 003,1 мың теңге қалпына келтіруге, бюджетке 9 498,5 мың теңге өтеуге жатады),
  • тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты – 65 746,9 мың теңге,
  • тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтері –143 209,9 мың теңге.

Бұдан басқа, жүргізілген аудиторлық іс-шарамен 76 рәсімдік бұзушылық және 12 жүйелік кемшілік анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектілеріне қарау және шаралар қабылдау үшін аудиторлық қорытынды жіберілді.

Аудит материалдары құзыреті шеңберінде қарау үшін «Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне» ММ, «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет — құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-ге берілді.

30 сентября 2026
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Тексеру  комиссиясының 2026 жылғы 29 қыркүйекте өткен отырысында Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау жүйесінің квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы қаралды.

Аудиторлық іс-шарамен 3 аудит объектісі және 6,3 млрд.теңгеден астам қаражат қамтылды.

Облыстың денсаулық сақтау саласында инфрақұрылымның жаңартылғаны және медициналық қызметтер сапасының артқаны байқалады. Сонымен қатар, кадр тапшылығы, ресурстарды біркелкі бөлу қажеттілігі, сондай-ақ қаражатты пайдалану және медициналық ұйымдарды басқару тиімділігін арттыру сияқты жүйелі проблемалар сақталып отыр.

Аудит нәтижелері бюджеттік және қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар тиімділігінің жеткілікті еместігін көрсетті. Бюджет, салық, бухгалтерлік және өзге де заңнама саласындағы бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік активтер мен қаржы ресурстарын басқарудағы кемшіліктер анықталды.

Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасын бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 222 203,6 мың теңгені немесе қамтылған қаражат пен мемлекет активтері көлемінің 19,13%-н құрады, оның ішінде:

  •  қаржылық бұзушылықтар сомасы 18 772,7 мың теңге, оның 
    16 014,4 мың теңгегі өтелуге, 2 758,3 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады;
  •   сомасы 794 559,4 мың теңгенің мемлекет активтері тиімсіз пайдаланылған;
  •   сомасы 408 871,5 мың теңгенің қаражаты тиімсіз жоспарланған;
  •   26 бірлік рәсімдік бұзушылық  пен 16 жүйелік кемшілік, сондай-ақ
    570 750,9 мың теңге соманың ықтимал шығындары мен жоғалған пайда анықталды.

Қаржылық бұзушылықтар кәсіпорын қызметінде өзіне тиесілі емес ақшалай қаражатты (активтерді) пайдалануымен байланысты, бұл негізсіз кірістер алуға, сондай-ақ негізсіз ынталандыру төлемдеріне, еңбекақы төлеу саласындағы талаптарды сақтамауға, іссапар шығындары бойынша артық төлемдерге және шарттық міндеттемелерді бұзуға алып келді.

Сонымен қатар, кәсіпорынның қызметі мен дамуына әсер ететін бюджет қаражаты мен активтерін жоспарлау мен пайдаланудағы кемшіліктер анықталды.

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар материалдар бойынша ақпарат әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органдарға берілді.

Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектілеріне тиісті ұсынымдар беріліп, бұзушылықтарды жоюға арналған  нұсқамалар  шығарылды.

https://web.whatsapp.com/#:~:text=https%3A%2F%2Fyoutube%2Ecom,10

28 сентября 2026
Анонс

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ Зайсан ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік активтерді және бюджет қаражатын басқаруына, оның ішінде 4-деңгейдегі бюджетті пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша отырысы 2026 жылғы 30 қыркүйекте сағат 15.00-де өтеді.

Отырыс Өскемен қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 23 мекенжайында өтеді (конференц-зал).

 

 

 

28 сентября 2026
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы
2026 жылғы 23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында 2023-2026 жылдардағы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын  іске асырудың аралық бағалауына Жоғары аудиторлық палатамен қатар жүргізілген аудиттің қорытындыларын қарады.

Ұлттық жобаның мақсаты бастапқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту, аудандық медициналық ұйымдарды жаңарту және олардың кадрлық және материалдық-техникалық әлеуетін нығайту арқылы ауыл халқына көрсетілетін медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру.

Жоба шеңберінде облыста Алтай ауданы Тұрғысын ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны қоспағанда, 36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылысы қарастырылған, оның ішінде аудит жүргізу кезінде
35-і  пайдалануға берілген.

Алтай ауданының ауданаралық ауруханасын жаңарту шеңберінде бейінді бөлімшелерге күрделі жөндеу жүргізілді, заманауи диагностикалық, хирургиялық, реанимациялық және өзге де медициналық жабдықтар сатып алынды. Нәтижесінде ауыл тұрғындарына көрсетілетін қолжетімді мамандандырылған медициналық қызметтердің тізбесі кеңейтілді. Бұл ретте сатып алынған магнитті-резонанстық томограф аудит кезінде қажетті инфрақұрылымды енгізуге байланысты рәсімдердің аяқталмауына байланысты пайдаланылмай тұрды.

Кадрлармен қамтамасыз ету бөлігінде оң динамика байқалады: дәрігерлік бос орындар санының азайғаны байқалады, ал жаңадан енгізілген  БМСК объектілерінің жасақталуы 94%-ға жетті. Сонымен қатар, жекелеген медициналық ұйымдарда бос лауазымдар толық сақталуда.

Жалпы облыста Ұлттық жобаны іске асыру елеулі инфрақұрылымдық және әлеуметтік әсерді қамтамасыз етті, ауыл халқына мамандандырылған медициналық көмектің бастапқы және жекелеген түрлерінің қолжетімділігін арттырды. Сонымен бірге анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін шектейді және жобаның күтілетін нәтижелеріне толық қол жеткізуге кедергі келтіреді.

Аудит қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы инвестициялық жобаларды жоспарлау мен іске асыруды, құрылыс сапасын, объектілер мен жабдықтарды уақытылы пайдалануға беруді, кадрлармен қамтамасыз етуді, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді тиімді пайдалануға, Ұлттық жобамен көзделген белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бақылауды күшейтуге бағытталған ұсынымдар мен нұсқамалар берді.

https://altainews.kz/kz/rubriki/densauly/65034-auyl-medicinasyna-blingen-arazhat-pen-ntizhe-sho-da-audit-ne-krsetti.html

https://altainews.kz/ru/novosti/72179-v-vko-proverili-kak-realizuetsja-proekt-modernizacii-selskogo-zdravoohranenija.html

25 сентября 2026
Тексеру комиссиясы ШҚО ішкі саясат басқармасының шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген аудит қорытындысын қарады

Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2026 жылғы 25 қыркүйекте өткен отырысындаа «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ 2025 жыл  бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы қаралды.

Мемлекеттік аудитпен 4 нысан қамтылды, тексерілген қаражат пен активтердің жалпы сомасы 700 млн теңгеден асты.

Аудит барысында қаржылық есептіліктің 11,4 млн теңге сомаға бұрмаланғаны, бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі және бюджетке түсетін түсімдер бойынша қаржылық бұзушылықтар, сондай-ақ сомасы 72,0 млн теңгенің  бюджет қаражаты мен активтері тиімсіз пайдаланылғаны анықталды. Сонымен қатар, 27 рәсімдік бұзушылық пен 1 жүйелік кемшілік анықталды.

Негізгі проблемалық мәселелердің ішінде жекелеген лауазымды адамдардың бекітілген жұмыс учаскелерінде функционалдық міндеттерін тиісінше орындамағаны, бюджет қаражатын жоспарлау негізділігінің жеткіліксіздігі және жекелеген басқарушылық шешімдердің жеткілікті пысықталмағаны атап көрсетілді.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ескертпемен пікір білдірілді. Ескертпемен пікір білдіруге негіз болған мән-жайлардың әсерін қоспағанда, 2025 жыл бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік барлық елеулі қатынастардағы қаржылық жағдайды, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерін және ақша қаражатының қозғалысын анық көрсетеді.

Мұндай пікірге қаржылық есептіліктің жекелеген көрсеткіштерінің бұрмалануы, сондай-ақ оларды бас жиынтыққа экстраполяциялау нәтижелері негіз болды. Бұл ретте анықталған бұрмалаушылықтар бәрін қамтитын сипатта емес, алайда аудиторлық пікірді қалыптастыру үшін маңызды болып табылады.

Анықталған әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бойынша 4 материал уәкілетті органдарға жіберілді, оның нәтижелері бойынша екі лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы төрт хаттама толтырылды, әкімшілік айыппұлдар қысқартылған тәртіпте төленді.  

Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша аудиторлық қорытынды бекітіліп, аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтар мен олардың туындауына ықпал еткен себептерді жою, сондай-ақ қаржылық тәртіпті және бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді басқару сапасын арттыру жөніндегі нұсқамалар жіберілді.

24 сентября 2026
Хабарландыру

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау жүйесінің квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша отырысы 2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 15.00-де өтеді.

Отырыс Өскемен қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 23  мекенжайында өтеді (конференц — зал).

 

23 сентября 2026
Хабарландыру

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-де 2025 жыл бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікке жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша отырысы 2026 жылғы 25 қыркүйекте сағат 11.00-де өтеді.

Отырыс Өскемен қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 23  мекенжайында өтеді (конференц-зал).

21 сентября 2026
Хабарландыру

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылуын аралық бағалауға жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша отырысы 2026 жылғы
23 қыркүйекте сағат 14.30-да өтеді.

Отырыс Өскемен қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 23 мекенжайында өтеді (конференц — зал).

 

 

27 августа 2026
Хабарландыру
 

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді және кен іздеуді реттеу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша отырысы 2026 жылғы 31 тамызда сағат 14.30-де өтеді.

Отырыс Өскемен қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 23 (конференц— зал) мекенжайында өтеді.

25 августа 2026
ШҚО тексеру комиссиясына 15 жыл: бюджет қаржысын бақылаудан нәтижені бағалауға дейін

https://altainews.kz/kz/basty-mzir/64192-sho-tekseru-komissijasyna-15-zhyl-bjudzhet-arazhatyn-baylaudan-naty-ntizheni-baalaua-dejin.html

https://oskemencity.kz/kz/news/2290-sho-revizijaly-komissijasyna-15-zhyl-bjudzhet-shyystaryn-baylaudan-naty-ntizheni-baalaua-dejin.html

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы