Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, 2018 жылғы 01 қаңтардан 2020 жылғы 30 сәуірге дейінгі кезеңді қамти отырып, мәдениет және өнер саласындағы аудит объектілері қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Мәдениет және өнер саласындағы аудит объектілері қызметінің тиімділігіне аудит жүргізуде, тереңірек талдау жасау үшін, ведомствоға бағынысты 4 облыстық мекемелер мен кәсіпорындарда - «ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-де, сондай-ақ аудандық деңгейде жүргізіліп жатқан жұмыстарды салыстыру мақсатында – Алтай ауданының «Алтай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-де және «Горняк» мәдени-бос уақыт орталығы» КМҚК-да аудит жүргізілді.
Аудит қорытындысы бойынша, 3 698 753,2 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде 3 630 309,4 мың теңге өтеуге (өтелді), 23 559,4 мың теңге бюджет кірісін өтеуге (9436,2 мың теңге өтелді), сондай-ақ бюджет кірісі бойынша қаржылық бұзушылықтар 172,7 мың теңге (бюджетке түсті), бюджетік қаражаттарды тиімсіз пайдалану 21 769,1 мың теңге сомаға, мемлекеттің бюджеттік қаражаты мен активтерін тиімсіз пайдалану 22 942,6 мың теңге сомасына, сондай-ақ 44 рәсімдік бұзушылықтар мен 15 кемшіліктер анықталды.
Өткізілген аудиторлық шаралардың қорытындысы бойынша, 2020 жылғы 27 шілдеде тексеру комиссиясының отырысы өткізілді, оның нәтижесінде қаулы қабылданып, аудиторлық қорытынды мен нұсқама қарау үшін жолданды.
1-ші объект бойынша материалдар құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.
5 аудит объектілері бойынша материалдар қарау және әкімшілік іс қозғау үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ден қою шараларын қолдану үшін аудит қорытындылары Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты мен Алтай аудандық мәслихатына жолданды.