Пресс-релиз

Пресс-релиз

2020 жылғы 3 тоқсанында Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда Шемонаиха ауданы аумағын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру тиімділігіне, бюджет қаражаттарын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.

ШҚО бойынша тексеру комиссиясы Шемонаиха ауданының Аумақты дамыту жоспарының тиімділігіне, бюджет қаражаттарын және мемлекет активтерін пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарап жалпы қойылған міндеттер мен функциялар орындалып жатқанын, бұл ретте жалпы 584993,1 мың теңге сомасындағы бұзушылыққа әкеп соққан жекелеген бұзушылықтар мен кемшіліктер орын алғанын атап көрсетті, оның ішінде:

  1. бюджетке түсетін түсімдер бойынша қаржылық бұзушылықтар 690,6 мың теңге;
  2. бюджет қаражаттарын және активтерін пайдалану кезіндегі қаржылық бұзушылықтар 495427,8 мың. теңге;
  3. тиімсіз жоспарлау 42779,6 мың тенге;
  4. тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары (активтер) 46095,1 мың тенге;
  5. рәсімдерді орындау тәртібін бұзушылықтар 53 бірлік, жүйелік проблемалар және кемшіліктер 4 бірлік.

2020 жылғы 22 шілдесінде жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өткізілді, оның нәтижесінде қаулы қабылданды.