Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Өскемен қаласында коммуналдық тұрғын үй қорының (аз қабатты тұрғын үйлер) құрылысын іске асыру тиімділігін бағалау бойынша жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.
Аудитпен 2018-2019 жылдары Нұрлы жер мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға бөлінген бюджет қаражаты қамтылды. Бұл ретте, Өскемен қаласының 28-тұрғын ауданының 3-кезегі үшін 54 аз қабатты тұрғын үй құрылысы бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру айтарлықтай шығындарға ие және өзін-өзі көп ақтамайды, және негізінен тұрғын үй ауданын ұлғайтуға, халықты қолайлы өмір сүру жағдайларымен қамтамасыз етуге бағытталған, бұл өз кезегінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді.
2019 жылдың қорытындысы бойынша Өскемен қаласы бойынша тұрғын үйді іске қосу көлемінің 2018 жылға қарағанда 5,8% өскені байқалады, ол 233,3 мың шаршы метрді құрады. Жыл көлемінде 26 көпқабатты тұрғын үйде 1911 пәтер, 54 жеке тұрғын үй, ҚАЕУ жатақханасы және халықтың 63,4 мың шаршы метр тұрғын үйлері пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, 2019 жылы Өскемен қаласының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасымен қарастырылған бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету нысаналық индикаторына қол жеткізілген жоқ, жоспар — 24,1 м2 болса, іс жүзінде — 24,0 м2 құрады (2018 жылғы деңгейге қарағанда 101,3% өсті). 1 тұрғынды тұрғын үймен қамтамасыз етудің қолданыстағы 18 шаршы метр мөлшеріндегі әлеуметтік нормасы қала бойынша 1 тұрғынға шаққанда орташа 24,0 шаршы метрден келеді.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру барысында Құрылыс бөлімі сәулет және құрылыс қызметі саласындағы заңнама, бюджеттік заңнама және мемлекеттік сатып алу саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын бұзушылықтарға жол берген.
Мәселен, Өскемен қаласының 28-тұрғын ауданының 3-кезегі үшін аз қабатты тұрғын үй құрылысы бойынша жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша тікелей нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілген жоқ, атап айтқанда, құрылысы аяқталмаған нысандарды қабылдау және пайдалануға беру жүргізілген.
ЖСҚ-ның техникалық-экономикалық көрсеткіші — құрылыстың нормативтік ұзақтығының сақталмауына жол берілген, жалпы сомасы 56 067,2 мың теңгеге орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстары көлемінің дұрыстығы қамтамасыз етілмеген.
Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданды, анықталған кемшіліктерді, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау жөніндегі ұсынымдар берілді.