Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы «Өскемен қаласының көлік компаниясы» ЖШС қызметіне жүргізілген аудит қорытындысын шығарды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы «Өскемен қаласының көлік компаниясы» ЖШС қызметіне жүргізілген аудит қорытындысын шығарды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы «Өскемен қаласының көлік компаниясы» ЖШС, «Өскемен қаласының ТҮКШ және жолаушы көлігі бөлімі» ММ басшыларының және қалалық мәслихаттың депутаттық корпусы өкілінің қатысуымен отырыс өткізді. Отырыста кваизмемлекеттік сектор субъектісі қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.

Аудитпен қаланың трамваймен жолаушы тасымалдау саласындағы инфрақұрылымның тозуын, трамвай паркін жаңарту қажеттілігін және көрсетілетін қызметтер сапасының төмендегенін қоса алғандағы елеулі проблемалар анықталды. Сондай-ақ экологиялық таза трамвай көлігінің облыс орталығындағы көліктік жүйеде маңызды рөл атқаратыны, ал оны дамыту халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға  әсер ететіні атап көрсетілді.

Талдау аясында аудитпен қамтылған кезеңде инфрақұрылымды дамытуға және трамвай паркін қолдауға жергілікті бюджеттен
2,4 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінгені анықталды. Алайда компанияның қаржылық жағдайы тұрақсыз болып қалуда және шығыстар оңтайландыруды талап етеді. Бюджет қаражаты мен активтерді тиімсіз пайдалануға байланысты бұзушылықтар анықталды, бұл компанияның залалдарын ұлғайта түскен.

Қалыптасып отырған жағдайдың негізгі себептері - жоспарлау мен басқаруға қойылатын талаптардың сақталмайтындығы, басшылық пен уәкілетті органдар тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі.

Жүргізілген тиімділік аудитінің нәтижелері бойынша активтердің 1 505 946,3 мың теңгені құраған жалпы сомасынан сомасы 512 307,8 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды, ол жалпы соманың 34%-ын құрайды. Атап айтқанда, түсімдер бойынша 11 366,3 мың теңге бұзушылықтарды қоса алғанда қаржылық  бұзушылықтар 123 687,6 мың теңгені құрады. Сондай-ақ сомасы 388 620,2 мың теңге бюджет қаражаты мен активтердің тиімсіз пайдаланылғаны тіркелді, 4 162,2 мың теңге мөлшеріндегі ықтимал шығындар және жоғалған пайда, жеті рәсімдік бұзушылық және төрт жүйелік кемшілік анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша жекелеген лауазымды тұлғаларға әкімшілік және тәртіптік шаралар қолданылды, сондай-ақ кемшіліктерді жоюға, жолаушы  тасымалдауды басқару тиімділігін арттыруға және  тасымалдау сапасын жақсартуға бағытталған ұсынымдар берілді.

Ұсынылған шараларды іске асыру активтерді басқаруға байланысты тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді және өңіріміздегі рельстік көлікті тұрақты дамытуға арналған алғышарттарды қалыптастырады.