Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Д.Б.Касенов және № 2 мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы – мемлекеттік аудитор Э.Б.Аймакбаева 2024 жылғы 28 қарашада ШҚО техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының директорлары кеңесінің отырысына қатысып қайтты, онда жүргізілген кешенді тексерулер барысында анықталған бұзушылықтарға талдау жүргізіліп, алдағы уақытта ҚР заңнамасының нормаларын бұзушылықтардың алу жөніндегі ұсынымдар берілді.
Отырыс регламентінің күн тәртібіне сәйкес Д.Б.Касенов 2022-2023 жылдар және 2024 жылдың 1-тоқсаны кезеңінде жекелеген техникалық және кәсіптік білім беру объектілеріне бөлінген бюджет қаражаты аясында «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының «Техникалық және кәсіптік білім» бағытын іске асыру тиімділігіне ағымдағы жылы жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша кең көлемді баяндама жасады. Баяндамада отырысқа қатысушылардың назары ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жол берген Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзушылықтарға, сондай-ақ білім беру саласындағы проблемалық мәселелерге аударылды.
Келешекте ҚР заңнамасының нормалары мен талаптарын бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдау, колледждердің қолданыстағы ғимараттарын күрделі жөндеуге және жаңартуға арналған қаржыландыруды тиісті ұлғайту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу, колледждердің жобалық қуатына сәйкес білім алушылар контингентін сақтап қалу бойынша кәсіптік бағдарлау және жұмыс көрсеткішін арттыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу ұсынылды.