Медициналық мекемелерді аралау

Медициналық мекемелерді аралау

ШҚО бойынша тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Амангелдіұлы Дархан Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Рыпаков Денис Сергеевичпен, қалалық мәслихаттың депутаттарымен, сондай-ақ Өскемен қаласының Қоғамдық кеңесінің өкілдерімен бірге Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығына (1-қалалық ауруханаға) және № 4 қалалық ауруханаға барды.

Медициналық мекемелерді аралау барысында олардың жай-күйімен танысып, өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын жақсарту үшін шешілуі қажет ағымдағы қаржыландыру, жабдықтау проблемаларын талқылады.

https://youtube.com/shorts/qBdHe6ed6hU?feature=share