Мерекелік шаралар

Мерекелік шаралар

Ағымдағы жылғы 1 қазанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының ұжымында мекеменің негізін қалаған зейнеткер ардагерлермен тамаша кездесу ұйымдастырылды. Ардагерлерді Тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Д.Амангелдіұлы Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, Мекеме қызметін тиісті жолға қойып, мемлекеттік аудиторлардың білікті буынын тәрбиелеп,  жұртшылық алдындағы беделін көтеруге қосқан үлестері және көрсеткен өнегелі еңбектері  үшін алғыс білдірді. Музыкалық сәлем мерекелік көңілкүйдің   әрін келтірді. 
Өз кезегінде Тексеру комиссиясының тұңғыш төрағасы болған А.Ә.Құрманғалиев мекеменің құрылу тарихы жәйлі тағылымды естеліктерімен бөлісті, тексеру комиссиясының мүшесі А.Н.Лебедева, бөлім басшылары М.Т.Нұрмәдиев және Ж.С.Жүрекбаев та естеліктер айтып, ұжым жұмысына  табыстар тіледі. 

https://youtu.be/OR-VUWdD6bw