БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Тексеру комиссиясының 2024 жылғы 6 тамызда өткен отырысында техникалық және кәсіптік білім берудің жекелеген объектілеріне бөлінген бюджеттік қаражат шеңберінде «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасының «Техникалық және кәсіптік білім беру» бағытының іске асырылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы қаралды.      Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 141 999,2 мың теңгеге заңнаманы бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- 25 621,7 мың теңгесі қаржылық бұзушылықтар (оның ішінде бюджетке түсу кезінде – 1 637,5 мың теңге);

- 106 777,7 мың теңгесі бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау;

- 9 599,8 мың теңгесі бюджет қаражатын және активтерді тиімсіз пайдалану;

- 25 бірлік рәсімдік бұзушылық анықталды.

Аудиторлық іс-шараны жүзеге асыру барысында бюджетке 4 105,5 мың теңге өтелді, 21 146,2 мың теңге қалпына келтірілді.

Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектілеріне қарау және шаралар қабылдау үшін аудиторлық қорытынды және анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін себептерді жою туралы нұсқама жіберілді.

Құзыреті шеңберінде қарау үшін аудит материалдары облыстың Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне және Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына жіберілді.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ