БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2025 жылғы 25 шілдеде Тексеру комиссиясының салықтық әкімшілендіру тиімділігіне, жергілікті бюджетке түсетін салықтық және басқа да міндетті түсімдердің толықтығы мен уақтылығына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындыларын қарау жөніндегі кезекті отырысы аудит объектілерін шақырусыз өтті.

Жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша 4 Басқармада түсуге жататын жалпы сомасы 50 026,5 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары, 459 342,6 мың теңге бюджеттің тікелей шығындары,
27 рәсімдік бұзушылық анықталып, салықтық заңнаманы бұзғаны үшін
74 әкімшілік материал қозғалды.

Отырыс қорытындысы бойынша 4 Мемлекеттік кірістер басқармасына (Өскемен қаласы,  Риддер қаласы, Алтай ауданы, Ұлан ауданы) аудиторлық қорытындылар жолданды.