БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2023 жылғы 20 сәуірде тексеру комиссиясының отырысында «ҚР ІІМ Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті» ММ бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.

Аудиторлық іс-шараның қорытындылары бюджеттік процесті жетілдіруге және қаржылық тәртіпті жақсартуға бағытталған шаралар тиімділігінің жеткіліксіздігін сипаттап берді.

Қамтылған қаражаттың жалпы сомасы 9 181 205,6 мың теңгеден жалпы сомасы 223 982,9 мың теңгенің немесе қамтылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтері көлемінің 2,4%-ы мөлшерінде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар - 28 774,5 мың теңге немесе анықталған бұзушылықтар сомасының 12,8%-ы, оның ішінде бюджет түсімдері бойынша 21 020,8 мың теңге;

2) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау – 105 240,0 мың теңге немесе 47,0%;

3) бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану – 89 968,4 мың теңге немесе 40,2%.

5 рәсімдік бұзушылық және 2 жүйелік проблема мен кемшіліктер анықталды.

Аудиторлық іс-шараны жүзеге асыру барысында бюджетке 22 140,8 мың теңге өтелді, есепке алу бойынша 6 633,7 мың теңге қалпына келтірілді.

Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектісіне қарау және шаралар қабылдау үшін аудиторлық қорытынды жолданды.

Сонымен қатар, аудит материалдары құзыреттілігі шеңберінде қарау үшін Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне берілді.

ИТОГИ ДП 20.04.2023.pdf