
2023 жылғы 21 сәуірде Тексеру комиссиясының квазимемлекеттік сектор субъектісінің мемлекет активтерін басқаруына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындыларын қарау жөніндегі кезекті отырысы өтті.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің аудитпен қамтылған активтерінің жалпы сомасы 46 570,9 мың теңге көлеміндегі Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге заңнамасын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- қаржылық бұзушылықтар - 181,5 мың теңге, оның ішінде бюджетке түсетін түсімдер бойынша 21,3 мың теңге;
- активтерді тиімсіз пайдалану - 46 389,4 мың теңге немесе анықталған бұзушылықтар сомасының 99,9%.
Қосымша 7 рәсімдік бұзушылық және 13 жүйелік кемшілік, сондай-ақ жалпы сомасы 44 502,7 мың теңгенің жоғалған пайдасы анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектісіне және басқа да мүдделі тұлғаларға орындау және шаралар қабылдау үшін аудиторлық қорытынды жіберілді.