ПРЕСС-РЕЛИЗ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

2019 жылғы 12 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы «Шығыс-адалдықалаңы» жобасы шеңберінде «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы сақтау және аудиторлардың қызмет әдебін сақтау мәселелері бойынша» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталған іс-шараға облыстық басқармалар мен квазимемлекеттік сектор өкілдері шақырылды.

Дөңгелек үстел тексеру комиссиясының мүшесі Дархан Амангелдіұлының төрағалық етуімен өтті, ол Тексеру комиссиясының жұмысында бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзушылықтардың себеп-салдарлық байланыстарын зерделеу және талдау, бағдарламалық құжаттарды іске асыру кезіндегі, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің қызметіндегі проблемаларды анықтау, оларды жою және алдын алу бойынша пәрменді ұсыныстар мен ұсынымдарберу негізгі орын алатынын атап өтті.

Дөңгелек үстелге шақырылған спикер –Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Тұрсынқанов Эльнар Тұрсынқанұлы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және әдеп кодексін сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтар бойынша негізгі сәттерді атап өтті. Сонымен қатар, Департамент тарапынан облыстың мемлекеттік қызметшілері жол беретін заңнаманы бұзушылықтарды анықтау бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізілетінін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларға қарсы тұру және мемлекеттік аудиторлардың қызмет әдебі нормаларын сақтау мақсатында өткізілетін іс-шаралар туралы тексеру комиссиясы аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ерлан Русланұлы Әділов баяндады.

Тексеру комиссиясының мүшесі Ербол Бәзілұлы 2019 жылдың 9 айында жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары туралы баяндады.

Көрсетілген кезеңде жоспарланған 19 аудиторлық іс-шараның 14-і аяқталды. Үстеме тексеруді қоса есептегенде 116 нысанқамтылды, жалпы 86 млрд. теңгеден астам қаражат қамтылды.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы-7 млрд. теңгеден астам, соның ішінде:

- 3 млрд. теңгеден астамы қаржылық бұзушылықтар;

- 2,7 млрд. теңгеден астамы – бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану;

- 1,5 млрд. теңгеден астамы –тиімсіз жоспарлау.

Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 484 бірлікті құрады, сондай-ақ аудитпен 81 бірлік жүйелі бұзушылықтар орнатылды.

Бұзушылықтардың ең көп көлемі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (44,7%), экономика және қаржы (16,2%) саласында, қалалар, аудандар және ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында (11,2%), әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуды үйлестіру саласында (8,2%) анықталды.

Лауазымды 83 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 68 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кінәлі адамдарға қатысты 9 млн.теңгеден астам соманың хаттамалары жасалды. Барлығы аталған кезеңде құқық қорғау органдарына 10 материал жіберілді.

№2 мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы-мемлекеттік аудитор А.А.Өміртаев өз сөзінде аудит объектілері тарапынан жүйелі сипатқа ие бұзушылықтарды атап өтті және оған дейін айтылғандарды қорытындылай келе, облыстық басқармалардың басшыларына,соның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдарда аталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау үшін жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындыларына бақылауды күшейту және талдау жүргізу туралы тілек-ұсыныстарын білдірді.

Дөңгелекүстелгеқатысушылартарапынансұрақтарқойылып, оларға толық жауаптар берілді.