ПРЕСС-РЕЛИЗ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

ШҚО бойынша тексеру комиссиясының отырысында «ШҚО Бесқарағай ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Бесқарағай ауданының аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылу тиімділігіне, жергілікті атқарушы органдар қызметінің әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының экономикасын дамыту әсеріне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы қаралды.

Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге заңнамасын жалпы сомасы 99 481,5 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды.

Бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде, мемлекет активтерін есепке алу мен сақтауды қамтамасыз ету бойынша қаржылық тәртіпті бұзушылықтарға жол берілгені атап көрсетілді, соның салдарынан мемлекеттік бюджет қаражаты негізсіз шығындалған.

Бухгалтерлік есеп жүргізуден жалтару, салықтар мен міндетті зейнетақы жарналарын төлемеу фактілері анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданды, анықталған кемшіліктерді, оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау бойынша ұсынымдар берілді.

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық фактілері бойынша материалдар қарау және процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.