БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2019 жылдың 3-4-тоқсанында ШҚО білім басқармасына және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Жолдауын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 қыркүйекке дейінгі кезең бойынша мемлекеттік аудит жүргізілді.

Аудитпен 6 201 999,1 мың теңге соманың бюджет қаражаты қамтылды. ҚР заңнамасының нормаларын бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 147 983,3 мың теңгені құрады, соның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар сомасы 671 391,7 мың теңге, оның ішінде бюджет қаражатын пайдалану кезінде 130 566,2 мың теңге, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде 540 825,5 мың теңге;

2) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау – 259 081,7 мың теңге, соның ішінде 32732,8 мың теңге сәйкестікке келтірілуге жатады;

3) бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 217 509,9 мың теңге;

4) рәсімдерді орындау тәртібін бұзушылықтар 18 бірлік;

5)  жүйелік проблемалар және кемшіліктер 25 бірлік.

Бұзушылықтардың жалпы сомасынан 128235,9 мың теңге бюджетке өтелуге, 543155,8 мың теңге қалпына келтірілуге, 32732,8 мың теңге сәйкестікке келтіруге жатады.

Жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша 2019 жылғы 27 желтоқсанда Тексеру комиссиясының отырысы өткізіліп, оның нәтижесі бойынша қаулы қабылданды. Бұзушылықтарға жол берген аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар жіберілді.