БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының оытырысында 2018 жылғы 01 қаңтардан бастап 2019 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезең қамтылып, «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» ММ, «Шығыс Қазақстан облысының ауыл шарушалығы басқармасы» ММ-нде Қазақстан Республикасы Президентінің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит, «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалына, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалына, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалына жүргізілген үстеме тексерулер қорытындылары қаралды.

Аудит барысында Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге заңнамасын жалпы сомасы 62,5 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды, соның ішінде:

- қаржылық бұзушылықтар 62,5 мың теңге;

- рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 7 бірлік.

Бұл аудит бюджеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде Басқармалардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын толық көлемде сақтамайтындығын көрсетті.

Анықталған бұзушылықтардың негізгі себептері:

- мониторингті уақтылы және толық жүргізуге  тиісті назар аударылмау;

- бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижесіне қол жеткізу кезінде бюджеттік заңнама талаптарының сақталмауы;

- аудит объектілерінің лауазымды адамдарының бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есептілікті тапсыру бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын тиісті деңгейде білмеуі және орындамауы.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, мемлекеттік аудит нәтижелерін қарау, анықталған бұзушылықтарды жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша аудит объектілерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар берілді.