
2020 жылдың 1-тоқсанында «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-на мемлекет активтерін басқару тиімділігіне, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды жоспарлау және жүзеге асыру негізділігіне 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезең бойынша мемлекеттік аудит жүргізілді.
Аудитпен 4 969 041,8 мың теңге соманың бюджет қаражаттары қамтылды. Мемлекет және Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару және пайдалану кезінде заңнаманы жалпы сомасы 1 920 457,2 мың теңгенің (38,6%) бұзушылықтары анықталды, оның ішінде:
Бұзушылықтардың жалпы сомасынан 172 707,2 мың теңге, соның ішінде жергілікті бюджет кірісіне 21 667,5 мың теңге, ұйым кірісіне 151 039,7 мың теңге өтелуге жатады.
Аудит барысында және отырыс өткізілгенге дейін жергілікті бюджет кірісіне 21 667,5 мың теңге өтелді, ұйым кірісіне 25 040,0 мың теңге өтелді, 193 289,9 мың теңге қалпына келтірілді.
Жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша 2020 жылғы 10 наурызда Тексеру комиссиясының отырысы өткізіліп, оның нәтижесі бойынша қаулы қабылданды. Бұзушылықтарға жол берген аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жіберілді.