БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Тексеру комиссиясының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы отырысында мемлекеттік органның резервін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы қаралды.

Қамтылған жалпы сомасы 2 770 652,6 мың теңге қаражаттан жалпы сомасы 290 808,2 мың теңгенің немесе жалпы соманың
10,5%-ы мөлшерінде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

  • қаржылық бұзушылықтар - 7 600,4 мың теңге немесе бұзушылықтар сомасының 2,6%-ы;
  • бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау – 183 443,9 мың теңге немесе 63,1%;
  • бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану – 99 763,9 мың теңге немесе 34,3%.

15 рәсімдік бұзушылық анықталды.

Аудиторлық іс-шараны жүзеге асыру барысында бюджетке 4756,2 мың теңге өтелді.

Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектілеріне қарау және шаралар қабылдау үшін аудиторлық қорытынды жолданды.

 25.12.2023