БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Тексеру комиссиясының 2023 жылғы 22 желтоқсанда өткен отырысында «Сапалы білім беру «Білімді ұлт» ұлттық жобасының «Орта білім беру» бағытының іске асырылу, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.

Қамтылған 8 418128,4 мың теңге мөлшеріндегі қаражаттың жалпы сомасынан 100 706,1 мың теңгенің (немесе 1,2%) бұзушылықтары анықталды, оның ішінде:

  • бюджетке түсу кезінде - 530,7 мың теңге;
  • қаржылық бұзушылықтар - 83575,3 мың теңге,
  • бюджет қаражатын және мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану 16600,1 мың теңге.

Сонымен қатар 49 рәсімдік бұзушылық және 18 жүйелік кемшілік анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектілеріне қарау және шаралар қабылдау үшін аудиторлық қорытынды жіберілді.

Құзыреті шеңберінде қарау үшін аудит материалдары Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына жіберілді.

 25.12.2023