Тексеру комиссиясының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы отырысында «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудиттің қорытындысы қаралды.
Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 208 479,5 мың теңгеге заң бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
17 рәсімдік бұзушылық және 3 жүйелік кемшілік анықталды.
Аудиторлық іс-шараны жүзеге асыру барысында бюджетке 220,1 мың теңге өтелді, 132 927,4 мың теңге қалпына келтірілді.
Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектілеріне қарау және шаралар қабылдау үшін аудиторлық қорытынды жіберілді.
Құзыреті шеңберінде қарау үшін аудит материалдары Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді.