"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіпте ант қабылдайды.
2023 жылғы 22 желтоқсанда "Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" ММ қабырғасында мемлекеттік қызметке алғаш түскен талдау, жоспарлау және есептілік бөлімінің жетекші маманы Азиза Зуулмакановна Аминжанованың салтанатты ант қабылдау рәсімі өткізілді.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Ержан Болатканович Атанбаев жас мемлекеттік қызметшіні құттықтап, жұмыста табыстар тіледі.
Тексеру комиссиясының аппарат басшысы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, сондай-ақ зейнеттегі мемлекеттік аудитор Жумабек Сейтказинович Журекбаев жылы лебіздерін білдіріп, алдағы уақытта табыстар тіледі.