Тексеру комиссиясының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы отырысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, концессиялық жобалардың іске асырылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит, сондай-ақ «ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ қызметінің тиімділігін бағалау қорытындысы қаралды.
Қамтылған 3 077 854,5 мың теңге мөлшеріндегі қаражатың жалпы көлемінен заңнаманы жалпы сомасы 362 244,7 мың теңге немесе 11,7 % бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- қражылық бұзушылықтар - 121 520,9 мың теңге;
- бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану - 240 723,8 мың теңге;
- ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайда - 382 501,2 мың теңге.
Бұдан бөлек 26 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар және 7 бірлік жүйелік кемшіліктер анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектілеріне қарау және шаралар қабылдау үшін аудиторлық қорытынды және нұсқама жолданды.