2023 жылғы 9 қарашада ШҚО бойынша тексеру комиссиясы аппаратының басшысы және әдеп жөніндегі уәкілі Мырзақұлов Бақыт Атырқұлұлы "Altai" телеарнасының "Жаңа Қазақстан" бағдарламасына қатысып, онда аудиторлық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, орындаушылық және еңбек тәртібі, Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы, сондай-ақ тікелей аудит объектілерінде мемлекеттік аудиторлар кәсіби этикасының талаптарын сақтау мәселелері көтерілді.