БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Тексеру комиссиясының 2023 жылғы 13 қазанда өткен отырысында «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жекелеген іс-шаралардың іске асырылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.

Қамтылған жалпы сомасы 8 841 775,9 мың теңге қаражаттан сомасы 598 002,8 мың теңгенің немесе қамтылған соманың 6,8 %-ы мөлшерінде бұзушылықтар анықталды, соның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 501 143,0 мың теңге немесе бұзушылықтар сомасының 83,3%-ы; бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау – 96 859,8 мың теңге немесе 16,5%.

Сонымен бірге 21 рәсімдік бұзушылық және 13 бірлік жүйелік кемшілік анықталды.

Мемлекеттік аудит барысында және отырыс өткізілгенге дейін 464 869,8 мың теңге қалпына келтірілді, бюджетке 288,1 мың теңге өтелді.

Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектілеріне қарау және шаралар қабылдау үшін нұсқама және аудиторлық қорытынды жіберілді.

Сонымен қатар құзыреттілігі шеңберінде қарау үшін аудит материалдары Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына берілді.

 

 

 17.10.2023