БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Тексеру комиссиясының 2023 жылғы 10 қазандағы отырысында Риддер қаласының аумақтық даму жоспарын іске асыру тиімділігінің, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің өңір экономикасына ықпалының сараптамалық-талдамалық іс-шарасы және мемлекеттік аудиттің қорытындысы қаралды.

Қамтылған жалпы сомасы 11 323 138,9 мың теңге қаражаттан жалпы сомасы 9 065 152,4 мың теңгенің немесе қамтылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтері көлемінің 80%-ы мөлшерінде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

  • бюджетке түскен кезде - 2 855,9 мың теңгеге;
  • қаржылық бұзушылықтар - 677 396,8 мың теңгеге,
  • бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау - 4 658 603,5 мың теңгеге;
  • бюджет қаражатын, активтерді 3 726 296,3 мың теңгеге тиімсіз пайдалану;

77 рәсімдік бұзушылық және 5 жүйелік кемшілік анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектілеріне қарау және шаралар қабылдау үшін аудиторлық қорытынды жіберілді.

Құзыреті шеңберінде қарау үшін аудит материалдары Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне жіберілді.

ҚР ӘҚБтК-нің 234-1-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалып, қарау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Сондай-ақ, бюджет қаражатын негізсіз пайдалану фактісі бойынша тиісті процестік шешім қабылдау үшін 1 материал Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына жіберілді.

 

 

 11.10.2023