Баспасөз релизі

Баспасөз релизі

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде ШҚО бойынша тексеру комиссиясында ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы-ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторы Есбол Кәкенұлы Сейтовтың қатысуымен «Қазақстан Республикасында еңбек заңнамасының сақталуы» тақырыбында техникалық оқу өткізілді.

Есбол Кәкенұлы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне жылжымалы жұмыс кестесіне, икемді жұмыс уақыты режиміндегі жұмысқа, бірлесіп жұмысқа орналастыруға қатысты енгізілген өзгерістермен және басқа да жаңалықтармен толығырақ таныстырды.

Өз сөзінің соңында тексеру комиссиясы қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, қолданыстағы заңнаманы тұрақты негізде сақтау қажет екенін атап өтті.

 

 02.10.2023