Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде ШҚО бойынша тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Қайрат Нұрғазыұлы Сапарғалиевтің қатысуымен «Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу және қатысу» тақырыбында семинар-түсініктеме өткізілді.
Қайрат Нұрғазыұлы 2023 жылдың 1 қыркүйегі мен 25 желтоқсаны аралығында президенттік Жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу өтетінін айтты. Семинар барысында сайтта қалай тіркеуден өту керек; қатысу үшін өтінімді толтыру; тестілеуге жазылу, жобаға қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесін тізімдеу сияқты негізгі сәттер түсіндірілді.
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысушылардың білімі жоғары және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1-ден төмен емес деңгейде меңгерген 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары бола алатынын атап көрсетті. Іріктеуге қатысу дарынды жастарға өз білімі мен әлеуетін басқарудың жаңа мәдениетін қалыптастыруға бағыттауға мүмкіндік береді.
Сөз соңында тексеру комиссиясы қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.