ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін  қабылданады.

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. 

Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;

Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;

Сыртқы саясат және инвестициялар;

Экономикалық және қаржылық саясат;

Цифрландыру;

Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам. 

 24.08.2023