Тексеру комиссиясының 2023 жылғы 24 шілдедегі отырысында облыстың автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін салуға, жөндеуге және күтіп ұстауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы қаралды.
Аудиторлық іс-шараның қорытындылары бюджеттік процесті жетілдіруге және қаржылық тәртіпті жақсартуға бағытталған шаралар тиімділігінің жеткіліксіздігін сипаттап берді.
Қамтылған жалпы сомасы 32 278 513,7 мың теңге қаражаттан жалпы сомасы 20 659 724,7мың теңгенің немесе қамтылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтері көлемінің 64%-ы мөлшерінде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар - 620 768,5 мың теңге немесе анықталған бұзушылықтар сомасының 3%-ы, оның ішінде бюджет түсімдері бойынша 1 646,4 теңге;
2) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау – 13 985 090,0 мың теңге немесе 67,7%;
3) бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану – 6 053 866,2 мың теңге немесе 29,3%.
Сондай-ақ 81 547,8 мың теңгенің ықтимал шығындары мен жіберіп алған пайдасы анықталды.
61 рәсімдік бұзушылық және 20 жүйелік кемшілік анықталды.
Аудиторлық іс-шараны жүзеге асыру барысында бюджетке 15 808,6 мың теңге өтелді, есепке алу бойынша 40 341,1 мың теңге қалпына келтірілді.
Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектісіне қарау және шаралар қабылдау үшін аудиторлық қорытынды жолданды.
Бұзушылық фактілеріне жол берген тұлғаға қатысты қаражатты тиімсіз жоспарлауға әкеп соққан Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен көзделген қорытындылардың болмағаны үшін әкімшілік өндіріс қозғалып, материалдар қарау және шаралар қабылдау үшін сотқа берілді.
Сонымен қатар, аудит материалдары құзыреттілігі шеңберінде қарау үшін Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына, Полиция департаментіне берілді.