2023 жылғы 30 маусымда мемлекеттік аудит объектілерінің қатысуымен Шемонаиха ауданының аумақтық даму жоспарының іске асырылу тиімділігіне, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің өңір экономикасына әсер етуіне жүргізілген сараптау-талдамалық іс-шараның және мемлекеттік аудиттің қорытындысын қарау бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың анықталған көлемі 1 822 959,4 мың теңгені немесе 60,3% құрады, оның ішінде: сомасы 1 021 217,7 мың теңге немесе анықталған бұзушылықтар сомасының 56%-ы қаржылық бұзушылықтар (оның ішінде бюджетке түсетін түсімдер бойынша 3 887,7 мың теңге), сомасы 801 741,7 мың теңгенің бюджет қаражаты мен мемлекет активтері тиімсіз жоспарланған/пайдаланылған, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар- 63 бірлік, жүйелік кемшіліктер – 13 бірлік.
Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 021 217,7 мың теңгенің 12 209,2 мың теңгесі өтелуге, 1 009 008,5 мың теңге қалпына келтіруге жатады. Тәртіптік жауапкершілікке 5 лауазымды тұлға тартылды.
Отырыс қорытындысы бойынша «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ тұлғасындағы жергілікті атқарушы органға қарау және шаралар қабылдау үшін аудиторлық қорытынды жолданды, сондай-ақ «Шемонаиха ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін себептерді жою туралы нұсқама шара қолдану үшін жіберілді.
Құзыреттілігі аясында қарау үшін аудит материалдары ШҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына, ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне табыс етілді.